Адыраспан

lat: Adyraspan

зат. ес. 1. Ауруларды емдеуге қолданытатын, емдік қасиеті күшті, көпжылдық шөптесін өсімдік.

Бұйраттың етегінде маусым мезгілінде гүлдейтiн адыраспан деген дәрi шөп болады (О.Серсенбаев, Бақыт.).

Баяу өскен таңғы жел көкiрегiңе адыраспанның ашқылтым иiсiн әкеліп құяды («Лен. жас»).

2. терм. <лат. peganum harmala>. Түйетабандар тұқымдасына жататын көбінесе шөл, шөлейт, сортаң жерлерде өсетін ақ, сары түстi көпжылдық өсімдік.

Пияз, сарымсақ, адыраспан, дермене және басқа көптеген өсімдіктердің түрлi ауруларға ем болатыны халық медицинасына ерте кездерден-ақ белгiлi болды (Т.Таубаев, Жасыл әлем.). Қазақстанда кәдімгі адыpаспан түрi кездеседі. Биiктiгi 20-50 см, сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 метр тереңдікке дейiн кетедi (ҚҰӘ).