Азамат

lat: Azamat

зат. 1. Кәмелетке толып, ер жеткен адам, жігіт.


Қажікен азамат боп қалыпты (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Қатал, өжет азаматтың мұндай кезін жылаған

Бұдан бұрын бұл өңірде көрген емес бiр адам (М.Шаханов, Ғасырлар.).

Сізден оқыған шәкірттердің бұл күнде азамат болғандары да бар, - дедi Абай Сармоллаға (М.Әуезов, Абай жолы).

Студенттік өмірдi тамамдадық

Азамат боп аттандық маманданып.

Аянышты бiр жерi тек сол ғана -

Енді бiрге екеуміз қала алмадық (М.Мақатаев, Шығ.).

2. құқық. Белгілі бір мемлекеттің тең құқықты адамы.


Республика Президент болып тумысынан республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген ерi Қазақстанда кемiнде он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады (ҚР Констиутуциясы).

Данко жолдастарына, елiнің азаматтарына айтады: Бiр домалап кеткен басты кұр оймен кейiн қайтаруға мүмкiн емес, түкқылмаған адамға түкте болмайды (М.Жұмабаев, Шығ.).

Жақа төлкұжат алған Әлiбек Батырбек қуанышы қойнына сыймай, мен ендi Қазақстан Республикасының азаматымын, - деп айғайлап жiбердi («Қаз. әдеб.»).

3. көне. Кәмелетке келіп, еншісін алған, туыстарына тәуелсіз, үйлі-баранды адам.

Көршілер жетедi желпілдеп, «қой, қарағым есен-аман азаматың келіп тұрғанда, жылама» деп кемпiрлер басу айтады (М.Сатыбалдиев, Жартас.).

4. көне.әск. Қолына қару ұстап, ел қорғауға, не ел жаулауға аттанатын адам, жасаушы; жауынгер.

Арғымақ, сені сақтадым,

Құлағық сенің керек деп,

Азамат, сені сақтадым,

Бiр күніме керек деп (Махамбет, Шығ.).

Анығында да бұл екеуi жастары жиырмаға жаңа ғана іліккеніне қарамастан, жау түсiрiп жүрген уытты азаматтар едi (Ә.Көшімов, Жас аүшы).

5.ауыс. Адамгершілігі мол, саналы, құрметті адам.

Азамат ерден қол үзбе,

Күндердің күні болғанда,

Басыңа қиын іс түссе,

Қайырылмай саған кетпейдi (Базар жырау, Шығ.).

Қасым жомарт жанды, үлкен жүректі, сегiз қырлы, бiр сырлы ақын, азамат едi (С.Мәуленов, Үркер.).