Ай

lat:

Түнде жарық сәуле шашып тұратын аспан денесі.


Ай сәскеге келген кезде, бозбала қысыр әңгімеге кiрiстi (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Айды байқай қарасам,

Айды бұлт құрсайды,

Күндi байқай қарасам,

Күн жауарға ұқсайды (Батырлар жыры).

Май жұлдызы, таң қысқа, ай жарық, дүние тып-тыныш, жел жоқ (М.Дулатов, Шығ.).

Ол ыстың оты, жүр енді жүр! Самаладай ай жарықта өзектеу жермен ауылдың бергі жағындағы қалың шидi бетке алып үшеуi желе-жортып келiп едi (Ш.Кұдайбердиев, Шығ.).

астр.<лат. luna> Жердің табиғи серігі, түнде жарық сәуле түсіріп тұратын, жерге ғарыштағы ең жақын ғаламшар.


Жердің тарту күшіне карағанда ай бетінің тарту күші 6 есе әлсiз, сондықтан салмағы 60 кг адам ай бетінде 10 кг ғана тартады (К.Құрманов, Физ. геогр.).