АЛТЫН

lat: ALTYN

(пар. алтун آلتون) алтын.

Қырық жүк алтын , жауһарларым анда қалды, Оны берерге жасырып қойдым, деді («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 13-том. 2005. 100 томдық).

Үстінде алтын менен күмістерін , Саттырып, бірнеше күн ауқат қылды («Қисса хазірет Жүсіп аләйһиссалам илән Зылиханың мәселесі». Бабалар сөзі. 18-том. 2005. 100 томдық).

Үшеуіңе үш уыс алтын берер едім, Үйіне байбатшаның барып келсең («Қисса зейне зайуб». Бабалар сөзі. 1-том. 2004. 100 томдық).