Айлық

lat: Aılyq

зат. сөйл. Бір ай істелген еңбекке төленетін ақы, жалақы.

Ол ел қатарында қызмет iстеп, айлық алып, өзiнше бір жұмыстың маманы атанып жүрмек (С.Беғалин, Ана қайраты).

Айлық алған күні Төлеген қасындағы жолдастарын қонақ ететін (М.Ғабдуллин, Ел намысы).

Yстем қоссын пенсияға, айлыққа,

Беу, кәсіпкер! Сен де өрле, қаймықпа!

Немерелер алаңдамай, ер жетсін,

Балаларды бөлеп тағдыр байлыққа (Қ.Салықов, Жезкиiк).

зат. қоғ.әлеум. Белгілі бір қоғамдық жұмысты өткізу үшін бөлінген бір ай уақыт, науқан.

Жақында А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік кітапханада әскери-патриоттық әдебиет туралы айлық ашылды («Соц. Қаз.»).

Биылғы жылдың 28 июнінен бастап жемшөп дайындау жөнiнде айлық жарияланды («Лен. жас»).