Айлық

lat: Aılyq

сын.. Отыз күндік мерзімді қамтитын.

Жетедi сағатында айлық жерге,

Үстіне қасиеттер мiнген кісі (Базар жырау, Шығ.).

Жамалдың ғұмырындағы оқуы осы бес айлық қана болып, хат жазарлықтан әрi аспай тоқтады (М.Дулатов, Шығ.).

Бір күн шапса шұбар ат,

Айлық жер алып бередi (Алпамыс).

Шiлденiң дәл қайнап тұрған кезінде ағайымды колхоз Алматыға үш айлық есепшілік курсқа оқуға жiбередi (Б.Соқпақбаев, Бастан.).