Айна

lat: Aına

зат. Бір беті шағылдырушы қабатпен қапталған, кескіні шағылысқан заттар бейнесін, суретті айнытпай көрсететін шыны немесе металл бұйым.

Біткеріп жұмысыңды кешікпей қайт,

Кеп жүрмей айналақтап жайма-жайға,

Айдаған малың етіп, жетсе пұлың,

Ал, - депті, - базарлыққа бір жақсы айна (Базар жырау, Шығ.).

Аңыз бойынша көп айналар жасап, бір айнадан бір айнаға әйелдің жүзін түсіріп көрсеткен екен (М.Әуезов, Индия очерк.).

Қоянды жәрмеңкесінен түрлі айна, тарақ, иіс су, шүберек-пұл, кәмпит, шекер алып қайтқан (А.Жұбанов, Замана.).