АҚПАРАТ

lat: AQPARAT

зат. 1. Дерек, хабар, мәлімет.


Шынын айту керек, ауылдық жерлерде саяси партиялар жайлы ақпаратқа зәруміз («Егемен Қазақстан»).

Орыс тілінде сөйлейтіндерге етіміздің өліп кеткендігі шығар, басқасына қарауға мұрша жоқ, жазып-ақ жатырмыз. Азар болса, аударуға біршама уақыт кететін шығар, бізге ең керегі ақпарат қой... («Егемен Қазақстан»).

Тағы бір айтарым, біздің құзырлы мекемелер жоғарыға нақты Ақпарат жеткізбейді.

Ақпараттардың дені өтірік, өсіммен беріледі («Жас Алаш»).

2. терм. ғыл. Адамның немесе арнайы құрылғылардың қабылдауымен алынатын қоршаған орта және ондағы процестер жайындағы деректер. Ақпарат министрі елімізде ақпарат неғұрлым көп болған сайын демократияның да өркен жаюы да жеделдей түсетінін дәлелдей келе, қазіргі мемлекетіміздің, халқымыздың өміріндегі басты мұрат ел өмірін жақсарту, ішкі тұрақтылық екенін атап өтті («Қаз. әдеб.»).

Осылай жинаған ақпарат-мағлұматтардың бәрін Приозерскідегі Сарышаған қасында ғылыми станса сараптап отырады («Егемен Қазақстан»).

3. жаратыл. Табиғат пен қоғам нысандарының өзара қатынасында алмасып отыратын деректер жиынтығы.

Ақпарат - жиырмасыншы ғасырдың ортасынан бастап қалыптасқан адам мен адам, адам мен автомат, автомат пен автомат арасындағы деректер алмасуды, жануарлар мен өсімдіктер арасындағы сигналдар алмасуды, тұқым қуушылық белгісін бір жасушадан басқа бір жасушаға, бір ағзадан екінші бір ағзаға жеткізуді қамтитын жалпы ғылыми ұғым (ҚҰЭ).

4. инф. Компьютерге енгізілетін, оның жадында сацталатын, қажет кезінде өңделетін және сыртқы ортаға берілетін мәліметтер. «Ақылды» жөшіктің тағы бір артықшылығы ең ғұлама деген адамның өз басында сақтай алмайтын ақпаратты жадына түйіп алатындығында. Әрине, мұнымен біз «компьютер адамнан да ақылды екен» дегендғ а йтқымыз келіп отырған жоқ («Жас Алаш»).

Бұл кәлденең сауалы көп, жауабы да дайын жайт. Интернеттен қалған ел бәрібір одан құтылмайды. Сондықтан ақпарат саласының қарыштап келе жатқан осы бір саласын игеруге бүгінгі қазақ жасы жұмылған жөн («Егемен Қазақстан»).