Ақуыз

lat: AQTİGER

зат. 1. Жұмырқаның ағы.

В витамині жұмыртқаның ақуызында, сүттен жасалған тағамдарда, жемістерде болады (Қ.Шамкенов, Жеміс).

Балапанға алтыншы күні өкпе пайда болады, ақуыз қорекке пайдаланылып, оның көлемі кішірейеді ( Құс өсіруші.).

2.биол. Ағза тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар.

Ақуыз дене клеткаларының қалыптасып, өсуі үшін маңызды. Ет, балық, ірімшік пен бұршақта, сүт, жұмыртқада белок мол( ,,Жас Алаш").

3.Төлдеген малдың сарыуыздан кейінгі сүті.

Енесінің ақуыз сүтіне ең алдымен төлін тойғызған дұрыс (Шопан серігі).

Мезгілі толмаған, жетілмеген .[Қарақатын Ақбалаға] - Неден шошындың?Көзіңе бірдеңе елестеді ме? Жеті айлық бала біреу ,,тəйт" десе де түсе қалады. Қазір нағыз шептік кезі... ақуыз шағы ғой...- деді жаны ашығансып (Ə.Нұрпейісов, Қан мен тер).