АҚЫЛ

lat: AQYL

зат. 1. Адамның ойлау қабілеті, сана-сезім.

Иман - қой, Ақыл - қойшы, нөпсі - бөрі, Бөріге қой алдырмас ердің ері, Таяқты қатты ұстап қойшы түрса, Жоламас ешбір пөле шайтан-пері (Шал ақын, Өлеңд.).

Ашыл, көңілім, жош ұрып!

Сөйле, тілім, жосылып!

Тереңнен барып тер ғауһар,

Ақыл мен білім қосылып! (О. Шораяқов, Шайыр).

Кейде ол керемет бір сыншы да еді, Ақылға бұрып қүйған жыр шүмегін (Т.Айбергенов, Мен саған.).

2. Пікір, пайдалы кеңес, өсиет.

Менікі жақындық ретімен айта салған бір ақыл еді ғой. Ол ақылымды тыңдамаған екен, кіргісі келген екен, өзіме-ақ айтсайшы: «Мен кірем, арыз жазып бер, қол қойып бер», - деп (Б.Майлин, Шығ.).

Ақыл мен әдет өсиет -

Аңлаттым айтып білгенше,

Қалдырмай мен де тамамын азар жырау, Шығ.).

Ақылды шайтан ұрласа,

Мінерсің түрлі тұғырға (О.Шораяқов, Шайыр).

3. ауыс. Дұрыс шешім, қиындықтан шыгудың жолы, амал, айла.

Мен өзім қасыма он жігіт алып Күмісбекті қалата апарам. Абақтыға әкеткендей ыңтайы білінсе, өзіміз білеміз... Табылған ақыл (Ғ.Сланов, Асау арна).

Зере Абайдың кітапқа берген ықыласын байқап, бір күні кешке: - Қаратым, осының ақыл. Ішкен менен жегенге мөз боп, мойныбасы былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде боп жүрген бай баласы аз ба? Осы ала қатазыңнан айырылма! Ұқсама аналарта! - деген (М.Әуезов, Шығ.).

Жарайды, жігітім, үйленемін де. Мұндай ақыл ойыңа қайдан түсті? (М.Дулатов, Шығ.).

Елге үлгі боларлық

Сөзің жоқ айтқан көнелі.

Айматыңды аралап,

Айтпадың Ақыл өрелі (Сүйінбай ақын, Ақиық).