ЖЕКСЕНБІ

lat: JEKSENBİ

(пар. иекшанбе يكشنبه) аптаның соңғы, жетінші күні.

Махкүр ғып сәлдесімен басын орап, Мешітке жексенбі күні Расул келді («Пайғамбардың өсиеті». М.Жүсіп, І-том, 2003).

Жексенбі кешесі жексенбінің түні.

Бүгін айдың нешесі, Күн жексенбі кешесі («Қабанбай батырдың қиссасы». Бабалар сөзі. 58-том. 2010. 100 томдық).