АҚЫМАҚ

lat: AQYMAQ

сын. Ессіз, жөн білмейтін, парықсыз адам.

Жаманға барсаң, қор боп ғұмыр өтер, Ұстайды ол Ақымақ күңнен бетер, Күн шығып, ай да туып, көз ашылып, Бұл қайғы қыз сорлыдан қашан кетер? (М.Дулатов, Шығ).

Сонда торғай айтады: - Ей, надан, мас, Тым ұғымсыз екенсің, ақымақ нас. Үш мысқалдық денем жоқ, кішкентаймын, Қай жеріме сияды ол гәуһар тас? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Ақымақтың белгісі - Пайдасын айтсаң, қас көрген (Кердері Әбубәкір, Қазағым).

Алдауға түсіп аңсызда, Абыройды білмейтін, ақымақпен болма ашына (Базар жырау, Шығ.).