АЛДЫ

lat: ALDY

зат. 1. Адамның бетін тура ұстап қapaғaн жағы, тұп-тура қарсысы.

Арба айдаған алдына қарайды (Мақал-мәтел).

Алдынан кесе көлденең біреу өтсе керек, астыңғы ернін жымқыра тістей тоқтап қалыпты (Ә.Кекілбаев, Шығ.).

2. Адамның екі тізесі мен кеуде жақ аралығы. Қара бала бұл кезде шешесінің алдынан әкесінің тізесіне көшкен еді. Әділжан оның үрпек басын емірене сипаумен болды (Ә.Нұршайықов, Махабб. жыр.).