Алқау

lat: Alqaý

Алқа етістігінің қимыл атауы; қолдау, жақтау, құптау.

Алғашқысының алқауға жетер не еңбек, соңғысының қарғысқа ұшырар не қылмысы бар. Достық емес, қастық, алқау емес, арандату деп білген (М.Мағауин, Аласапыран).

О, ұланым! Менің тіршілік сапарым соңғы сәтіне тақалды. Тәңipiнiң алқауымен, жер әлeмдi жаулап, бел ортасынан шет шалғайына дейінгі аралығы тұтас бір жылдың ішінде ұлан-байтақ қоныста ұлы мемлекет ұйыстырдым («Жұлдыз»).

Шeшeсi Шағанның айтуынша, Шардан ағасы мен Баршынбек тағдыр қалауымен, Тәңipi алқауымен аң қағып жүріп жолығыпты (А.Алтай, Алтай.).