ЖИҺАЗ

lat: JIHAZ

(ар. жиһаз جهاز)   

1. Барлық керекті заттар.

2. Үй бұйымы, мүлік, жабдық.

Бар еді көрші ханның бір баласы, Көп еді жиған жиһаз , алтын тасы («Бозжігіт». Ғашықнаме, 1976).

Һайланның ұғылы алтын, жауһар көп шығарды, Мың жүк қылып, күміс жиһаз һәм шығарды («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 14-том. 2005. 100 томдық).

3. Қыз жасауы.

Баттал бізге жіберген хатты, дейді, Қызын берсін көп жиһазбен және, депті («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 13-том. 2005. 100 томдық).