ЖОМАРТ

lat: JOMART

(пар. жәуанмәрд جوانمرد) жомарт, қолы ашық.

Патша мархабатты болса, әгар, Жомартқа көп болады жан достар («Қисса қырық уәзір». Бабалар сөзі. 8-том. 2004. 100 томдық).

Егерде Хатымды біреу айтса, Жомарт деп мәжілісте мақтай қойса («Қисса Хатымтай Жомарт». Бабалар сөзі. 4-том. 2004. 100 томдық).

Жомарттық мырзалық, қолы ашықтық.

Дүнияда мәшһүр болсын әділетің, Және де жомарттықпен шықсын атың («Қисса қырық уәзір». Бабалар сөзі. 8-том. 2004. 100 томдық).

Бірқатар жомарттығы Хатымтайдың, Үрімнің патшасына мағлұм болған («Қисса Хатымтай Жомарт». Бабалар сөзі. 4-том. 2004. 100 томдық).