Ана

lat: Ana

зат. 1. Баланың туған шешесі; балалы әйел.

«Сүймеймін, басқа кімге бұйырса да көнейін, осы жаннан маған азаттық әперсін», - деп әкеме өз анамды да, мынау кіші анамды да екi рет салып едiм, ырзалық ала алмадым (М.Әуезов, Шығ.). Балаға деген ана мейiрiмi, оның оттан да ыстық махаббаты қандай күшті болса, анасына деген баласының сүйiспеншiлiгi одан да күшті едi (І.Есенберлин, Шығ.).

Көрмесе бір рет қайдалап,

Тынымсыз жаны аңсаумен,

Сүйе ме анаң аймалап,

Айтшы сен, айтшы, жан сәулем (Т.Айбергенов, Мен саған.).

2. Елге сыйлы, жасы үлкен әйел адам.

Кейбір қазақ руларының елдің танытатын ұрандары да аналар есiмiмен аталған (ҚҰЭ).

Соңғы жылдары қатты қартайған және ұзақ аурулы болған Ұлжан ана, ел анасы, көбінше ақырын, баяу, үнсіз өмiр кешiптi (М.Әуезов, Абай жолы).

Көп үйлі, көп ауыл-аймақтың анасы есептi болған Ұлжаннан базарлық дәмететiн жандар да аз емес (М.Әуезов, Шығ.).

Сөйтіп етектерінен ұл саулаған қазақтың екi қызы екi рулы елге ана болып қана қоймай, сол елдердің есiмiне, ұранына айналыпты (К.Жұмаділов, Дарабоз).

3. ауыс. поэт. Негіз, түп, тамыр.

Барынша шамасы суыққа қашпақшы, Мұз теңіз-анасы құшағын ашпақшы (М.Жұмабаев, Шығ.).

Айналайын, ақ бұлақ, ана -бұлақ, Бір көргеннен қалдың-ау маған ұнап (И.Сапарбаев, Ғашык. тілі).

Yргенiш шешенi: - Сөз анасы не? Су анасы не? Жол анасы не? - деп сұрайды. Сырым батыр: - Сөз анасы - құлақ, Су анасы - бұлақ, Жол анасы - тұяқ! - деп жауап бередi (Шешендік сөздер). Жер-ананың сұлулығын былай қойып ендi өсiмдiктану пәнiнiң негiзгi салаларына көшуiмiз мүмкін (І.Есенберлин, Шығ.). - Әрине, қай жерде болса да адам дегенінің бәрi бiрдей ғой, - дедi өз сұрағына жауап қайтарып, - мейлi, тек Отан-ана алдындағы борыштарын ұмытпаса болғаны. (І.Есенберлин, Шығ.).