Ана

lat: Ana

есiм. Сонау, ана бір, анау.

Ана жылы қасқа атын орысқа әпергеннен бері оның ішіне қан қатулы болатын (Ж.Аймауытов, Шығ.). 

Маған Оспан істеген істі үлгі қылма, сен. Оспан дүниеліктің құлы болса, ана қасыңдағы тақыр кедей Жансейіт не қылып отыр? (М.Әуезов, Қилы заман).

Біз мынау алаяқтардан ірге айырғалы ана бір төбенің басына жиналамыз (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.).

Ана жолы кішкентай ұлын атасының қолында қалдырып, жаяу әскер рота командирі, аға лейтенант Атымтай жұмыс істеуге осы рудникке келген (І.Есенберлин, Шығ.).