Анықтама

lat: Anyqtama

зат. терм. <лат. definitio> Белгілі бір зат, не ұғымға берілетін қысқаша түсінік, сипаттама.

Анықтама - кең мағынасында алғанда ұғымның мазмұнын ашуға көмектесетін логикалық амал (ҚҰЭ).

«Мағжан - ұлт ақыны, сыршыл, суретшіл, лирик, символист» - деген Жүсекең анықтамала­ры, өлеңге жаңа түр енгізгені туралы жүйелі, салиқалы пікірлері қазіргі Мағжантанудың іргетас қагидалары есепті (Алғысөз//М.Жұмабаев, Шығ.).

Химиялық байланыс жөніндегі ілімнің дамуына байланысты «валенттілік» ұғымының мазмұны біршама толықтырылды және қазіргі кезде оған мынадай анықтама береді: Валенттілік - элементтер атомдардың ковалентті химиялық байланыс түзу қасиеті (Ф.Г.Фельдман.., Жалпы хим.).