Анықтама

lat: Anyqtama

зат. 1. ресми. Жеке не заңды тұлға туралы мәлімет берілетін, сол мәліметтің заңдылығын куәландыратын құжат.

Мен Алматыға келіп Семейде ашылатын екі институттың анықтамасын дайындап болысымен, Орал қаласына жүріп кеттім («Жұлдыз»).

Күздік емтихандардың нәтижелеріне байланысты оқушылар орта мектепті бітіргені жөнінде куәлік немесе он жылдық мектептің курсын тыңдап бітірді деген анықтама алады (Семья тәрбиесі).

Бәтима дәл қазір, ана бір жылы баласының жетімдігіне, өзінің жесірлігіне анықтама сұрай барғанында болыстың берген азабын да ұмытты (А.Хангелдин, Ғани.).

2. Біреу немесе белгілі бір нәрсе туралы жиналған не берілген мәлімет, ақпарат.

Арнаулы бөлмеде әр пәнге түрлі анықтамалар, картотека және т.б. орналастырылады («Қазақст. мект.»).

Егер анықтама қажет болса, бұл жөнінде библиографиялық кабинеттегі кезекші консультант кітап алушыға көмектеседі («Лен. жас»).

Сөйтті де ол книганың анықтамада көрсетілген қатар тізімі жетпіс бесінші адамға тоқтады да, ол жердің бетін қайырып бүктеп, көзбен әрі асты (Х.Есенжанов, Көп жыл.).