Анықтау

lat: Anyqtaý

Анықта етістігінің қимыл атауы; айқындау.

Көбінің жазбасы өте нашар. Бұларды тергеп, тексеріп, анықтау өте қиын жұмыс (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.).

Цитохимияның негізгі жетістіктерінің бірі - нуклеин қышқылдарының ақуыз молекуласын синтездеудегі генетикалық рөлін анықтау (Тіршілік.).

Ең алғашқы геологиялық жұмысын ол Қарсақбай ауданының темір кен орындарын, Жезқазған мен Атбасардың мыс кендерін және ағылшын иелігінде болған Спасск өндірісін зерттеп, олардың болашақ мүмкіндіктерін анықтаудан бастады (Қаныш аға).