Аңшылық

lat: Ańshylyq

зат. Аң аулауды кәсіп етуші.

Бекболаттың әкеден де, туысқаннан да артық сенетін адамы Ақберген. Өйткенi ол білмейтін сыр жоқ.Балалық, жастық, аңшылық, желбастық, аштық, тоқтық, ойын-күлкі - екеуінiң бip тартқан тауқыметi. Бipге күйiнген, бipге сүйінген (Ж.Аймауытов,Шығ.).

Аңшылықты доғарып,

Қойды ол мылтық атуды,

Күпісiне оранып,

Шығарды үйде жатуды (С.Мәуленов,Құлыншақ).

Ақан күнәсiз ермек қуып, аңшылыққа, құсбегiлiкке, бапкерлікке әуес болды (Т.Әлiмқұлов,Сейтек.).