Апта

lat: Apta

ет. Жылтыратып жағу, жалату.

Болмады бізде жақын туыс деген,

Әйтеуір пана таптық жер үстінен.

Он бес жыл өте шықты ойын құрған,

Ақ үйде аптап қойған күміспенен (Жас қанат).

Арыстан соның бәріне мойнын соза қарай отырып: «Күмбез үйдің төбесін асылмен аптап, алтын зерлі шоқпармен күлтелеп безендірген, әйел болса, ол неткен өнерпаз еді!» - деп таңданды (Ж.Тілеков, Жоңғар.).

Бөлменің қабырғасына тірей орнатқан ұзын столдың төрінде айналасын алтын сырмен аптап, жалпақ ал қызыл лентамен безендірген (С.Омаров, Тастағы жазу).