Апта

lat: Apta

ет. 1. Қару, ыстық ұру.

Жолығып тосқауылда батпаған Күн, Жүректі топырақпен аптаған күн (Таңжарық ақын).

Біздің жігіттер аптаған ыстыққа қарамастан шабуылды тойтарумен болды («Спорт»).

2. этн. Ұшықтау, сипау арқылы емдеу.

Ұшықтап жіберейінші, - деп көрші кемпір алақанын алдымен жерге тигізіп, сонан соң Дүрияның жүрек түсын үш қайтара аптады (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш).

Бала қатты шошыса, үлкендер алақанын от басына ұрып, баланың кеудесіне басып «мен көтермесем сен көтер, қара жер», - деп аптайды (Қаз. тілі. диалек. сөздігі).