Араластыру

lat: Aralastyrý

Араластыр етістігінің қимыл атауы.

Жаңалық үлгiнi алғанда, қазақ тілінің бар заңына, күйлiлiк, көркемдік орамына, кестесiне қайнасып қосылғандай, жымы бiлiнбестей етiп араластыру шарт (М.Әуезов, Шығ.).

Араластыру - металлургиялық шарпыма пештегі балқыған сұйық мысты (қорғасынды) оттек пен күкipттi газдан әбден тазарту жіне тотықтырып, оларды қожға айналдыру үшiн пеш бүйіріндегі тесiктен дымқыл жас бөренелермен балқыған металды араластыру (Қаз. тілі. термин. Кен.).