Армандау

lat: Armandaý

Арманда етістігінің қимыл атауы.

Тұр солай көк терінде сен мекендеп,

Үмітпен ұмтылмайын мен жетем деп.

Өтейін өмір бойы армандаумен,

Ұқпайын сәулем, сені пенде екен деп (Қ.Мұхамеджанов, Ана.).

Қиын жерден бақыт іздеу, армандау да керек шығар (Ш.Хұсайынов, Үкілі Ыбырай).

Бар ұзақ өмірі бір ер бала көрсем деп, соны армандаумен өтті (З.Шүкіров, Жас жесір).