ЖҮҺҮД, ЖҰҺҮД, ЖҰҺҰТ, ЖӨЙІТ, ЖӨҺИД, ЖАҺУТ

lat: JÚHÚD, JUHÚD, JUHUT, JÓIİT, JÓHID, JAHÝT

(ар. иаһуд يهود) еврей.

Қызына тез жүгіріп келе салып, Жүһүдтің кәпірлікпен айтқан сөзі («Қисса Әбушахма». Бабалар сөзі. 15-том. 2005. 100 томдық).

Базарын жұһүдтердің тамаша етіп, Мұхаммед тақсыр барып қарап көрдіМұхаммед ғалайссаламның туғаны». М.Жүсіп, ІІ-том, 2003).

Егер де сіздер барсаң, Шам шаһарға, Осыны жұһұдтерден жасыр! депті («Мұхаммед ғалайссаламның туғаны». М.Жүсіп, ІІ-том, 2003).

Алдынан қарсы шығып бір бай жөйіт оған: Сатыңыз жусаныңды маған, депті («Жетім көдек». Бабалар сөзі. 1-том. 2004. 100 томдық).

Дүниеде сол себепті кәпір онша (анша), Насыраны: һунди, жөһид, мұңғыл, тырса («Жан иесі өліп, ғарасатқа тіріліп, Ғазазіл ан хазірет илан үмбеттеріне таласып, имам Ағзам илан имам Шафқа жүгінгені». М.Жүсіп, ІІ-том, 2003).

Соның бәрі тамұқлық жаһут өтті, Кел, енді мұсылман бол, балаларым! («Шаһарбан мен Хұсайын». М.Жүсіп, І-том, 2003).