FTP

lat: FTP

(ағылш. File Transfer Protocol файлдарды жіберу хаттамасы) ТСР-желілер (мысалы, Интернет) бойынша файлдарды жолдауға арналған стандартты хаттама.

FTP желілік парақшаларды және өзге де құжаттарды әзірленімнің жеке құрылғысынан хостингтің ашық серверлеріне жүктеу үшін қолданылады. Хаттама «клиент-сервер» архитектурасында әзірленген және клиент пен сервер арасында командалар мен мәліметтерді жіберу үшін түрлі желілік қосылуларды пайдаланады. FTP пайдаланушылары логин мен парольді ашық түрде жібере отырып, аутентификациядан өте алады, не болмаса, егер серверде рұқсат етілсе, олар анонимді түрде қосыла алады. Логин мен парольді жасыратын (шифрлейтін), сондай-ақ, ішіндегісін шифрлейтін қауіпсіз жолдау үшін SSH хаттамасын қолдануға болады.