RSA

lat: RSA

(Rivest, Shamir және Adleman фамилияларынан құралған аббревиатура) үлкен бүтін сандар факторизациясы міндеттерінің есептеу күрделілігіне негізделген ашық кілті бар криптографиялық алгоритм.

RSA криптожүйесі шифрлеу үшін де, цифрлық қолтаңба үшін де жарамды алғашқы жүйе болды. Алгоритм PGP, S/MIME,TLS/SSL, IPSEC/IKE және басқаларын қосқанда, криптографиялық қосымшалардың басым бөлігінде қолданылады.