lat: TLS
(ағылш. Transport Layer Security – көліктік деңгей қауіпсіздігі) өзіне дейінгі SSL (ағылш. Secure Sockets Layer — қорғалған сокеттер деңгейі) сияқты – Интернет желісіндегі тораптар арасында деректерді қорғалған түрде жіберуді қамтамасыз ететін криптографиялық хаттамалар.
TLS пен SSL аутентификация үшін асимметриялық криптографияны, құпиялылық үшін симметриялық шифрлеуді және хаттамалар бүтіндігін сақтау үшін хаттамалар түпнұсқалылығы кодын пайдаланады. Аталған хаттама веб-браузер, электрондық поштамен жұмыс істеу, шұғыл хаттамалармен алмасу және ІР-телефония (VoIP) сияқты Интернет желісімен жұмыс істейтін қосымшаларда кеңінен қолданылады.