ЖІГЕР

lat: JİGER

(пар. жигар جگر)   

1. Бауыр.

Жігерім бериан жүрегі езілу, күйінішке түсу.

Көңілім гөриан олған-дүр, Жігерім бериан олған-дүр, Жалған дүние, Таһирым, Сенсіз харам болған-дүр («Қисса Таһир Зүһра». Бабалар сөзі. 19-том. 2005. 100 томдық).

Зұлым билән жігер бауыр ашуға, кекке, мұңға толған жүрек.

Қиямет дүр бүгін, баба, басыма, Та көргенше, ұлық шаһым, қош емді, Зұлым билән жігер бауырым барамын, Ықпал кенжем нетай бақты қарамын («Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек». Бабалар сөзі. 47-том. 2008. 100 томдық).

Кек жігер кекті жүрек.

Падиша хабаршыға бек жіберді, Тасталық бұрынғы өңшең кек жігерді («Бақтияр қиссасы». Бабалар сөзі. 9-том. 2004. 100 томдық).

2. Ауысп. Күш-қайрат.

Көрұғлыға Құдай берді жігерді , Дәулатымыздан неше ерлер көгерді («Үшбу Ғауазханның қиссасы-дүр». Бабалар сөзі. 48-том. 2008. 100 томдық).

Жетпіс жыл зарар беріп, еттей қайнап, Босайды, жігер кетіп, буын-буын («Он түрлі боп адамның тірілмегі». М.Жүсіп, ІІ-том, 2003).

Тек жігерге ер емес, Өз тұрпатым кем емес («Қобыланды туралы». Бабалар сөзі. 36-том. 2006. 100 томдық).