АСХАНА

lat: ASQANA

з а т. Көпшілік тамақтанатыт орын.

Сақал алып,

Шаш тарап,

Сылап бетті креммен,

Адамдардай ашқарақ

Асханаға кірем мен (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

Студенттердің шағын асханасы. Стол басында үйлену тойына жиналған адамдар (М.Шаханов, Ғасырлар.).

Асханада тамақ ішіп отырып та, оның есінен бүгін орыс тілінен сабақты білмей қалғаны кетпеді (М.Иманжанов, Адам тур.).