АТ

lat: AT

е т. 1. Қаруарақтан оқ шығару, оқ жұмсау.

Атсаң оқ, айтсаң сөз өтпейтін, миларын шатастырған қияли болады (С.Торайғыров, Шығ.).

Атқан оқ, сермеген қол қата кетпей,Түскей-ді табаныңа бар дұшпаның (М.Дулатов, Шығ.).

«Қашан сен ел болып едің», деген сұрақ,

Тиеді атқан оқтан ауырырақ.

Кеудеңде намыс деген бір от болса,

Лап етіп сыртқа шығар сонда бір-ақ (Ғ.Қайырбеков, Өлеңд.).

2. Бір нәрсені көздеп, ұрып тигізу.

Тисе, сақасы орнында қалады, кенейді ұшырып түсіреді.

Алтыда балалармен асық атып,

Ойынның неше түрлі жайын білдімердері Әбубәкір, Қазағым).

Ол атқан сайын қылпылдап тұр бәрі (Ғ.Мұстафин, Көз көрген).

Атайын деп толтырған қойындарында тастар тұр (С.Торайғыров, Шығ.).

3. Атқылау, лақтыру.

Керегі жоқ, кимеймін, деп, отыра қалып, аяғымдағы пималарымды бірінен соң бірін есік жаққа аттым (Б.Соқпақбаев, Балалық.).

Ашуланып атты Гүлжан кесегін,

Дегендейін бекер екен кешегім... (Х.Ерғалиев, Біздің ауыл.).

Құттықтап ерлер бір-бірін,

Бөріктерін көкке атты (Ғ.Қайырбеков, Қосбасар).

4. а у ы с. Қарғу, ырғу, секіру.

Сол оймен атты суға айбаттанып,

Бар күшін жинап бойға қайраттанып (С.Дөнентаев, Шығ.).

Жалт берді жақсы үмітің, армандарың.

Үлгердің құр денеңді Еділге атып,

Құтылып қанжарынан азғындардың (Ә.Сәрсенбаев, Жазылм. кітап).

5. а у ы с. Көкке шапшу.

Су шүмектен аспанға атып жатыр (С.Омаров, Әңгім.).

Күркілдеп жердің өзегі,

Фонтаны мұнай айға атқан (Қ.Аманжолов, Шығ. жин.).

Толқыны тулап көкке атқан

Теңізді кешер ме екенсің (С.Беғалин, Таңд. шығ.).