АЯЗ

lat: Aıaz

з а т. 1. Температура 0-ден әлдеқайда төмендегенде болатын қыстығүнгі ызғарлы суық.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Дем алысы үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң қыс келіп, әлек салдыбай, Тол. жин.).

Жатырсыңдар неге ұйықтап?

Күн шығып қалды, балалар.

Таңертеңгі аязбен

Мектебіңе жәнел бар (М.Дулатов, Шығ.).

Ерегісе қасқиып қарсы тұра қалсақ, аяз инесін тырнақ астына бойлата сұғады (Б.Момышұлы, Біздің генерал). Мұнда жаздың ыстығында шаңды боран көп болады, қыс қанша айтқанмен аязбен, боранмен өтеді (Ж.Жұмаханов, Мен жүмысшы.).

2. а у ы с. Каталдық, салқындық. Бірақ Қанат ішіндегі аяз әлі арыла қойған жоқ. Көктемнің мейірімді шуағы мұздаған жүрегін жылытуға шамасы жетпей жатыр (Қ.құттыбаев, Оның үрпағы).

Биялайға қарайсың.

Не тұлғама тұтқа боп,

Не керекке жарайсың.

Ішің аяз ақ қырау,

Сыртың сұлу сарайсың (Дулат Бабатайұлы, Замана.).

3. а у ы с. Қиыншылық, ауыртпашылық. Енді міне, өмір аязының алдыңғы лебі болып, Жәмпейіс арқылы келіп жатқан сұм салқын сол ғой деп ұққан-ды (М.Әуезов, Таңд. шығ.).

4. а у ы с. б е й н. Айбар, айбын, қаһар.
Біздер жеңдік!

Жоқ болып, жаралы боп.

Біз қуандық алдымен қаралы боп,

Қарсы тұрдық аждаһа алдында Біз,

Туған жердің аязы, бораны боп (М.Мақатаев, Шығ.).

// Қаһарлы, салқын, қатал.

Қуаты артық, ойы кең,

Жұрттың бәрін шенепті.

Досына дәл жаз, жауға аяз,

Алысқанды демепті (Абай, Тол. жин.).

«Көзден кетсе, көңілден болады ұмыт» деген емес пе, үйге кірісімен тыстағы аяз ашуы лезде ұмытылып, жылы шырайлы, жарасымды өмір құшағына ендік те кеттік (С.Байжанов, Сыр.).