АЯЗАТА

lat: AIaZATA

з а т. Ақ сақалды, үстін ақ қар мен қырау басқан, жаңа жыл мейрамына шақырылатын шал кейіпті ертегі кейіпкері.
Қар лақтырып көзіңе,

Қариды қыс бетіңді.

Орманшының өзі де

Аяз ата секілді (С.Мәуленов, Алыс кетіп.).

Бала қар жамылып тұрған ағашқа қарап,

«Тон киген қолғабы бар

Аязатаға ұқсайды екен», дейді (Семья тәрбиесі).

Аязата!
Соқ, мені, шынығайын,

Шыдамасам

Мәңгілік тынығайын.

Таяғыңа тас болып төтемесем,

Сынайын да құриын шыныдайын (М.Мақатаев, Қарлығаш.).