АЯЗДЫ

lat: Aıazdy

с ы н. Суық, аязы қатты.

Аязды түнде аялап,

Бесікке белі бүгілген.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

«Құлыным!» деп жүгірген (А.Тоқмағамбетов, Таңд. шығ.).

Қар қалың түсіп, қыс аязды болған жылдарда дала аңдары үңгірін терең қазады (М.Сөрсекеев, Туған жер.).

Лақтырған аспан саулатып,

Жұлдыздай қардың ұшқыны,

Тұрғандай жазды толғатып,

Аязды, ойлы қыс күні (С.Мәуленов, Алыс кетіп.).