АЯҚКИІМ

lat: Aıaqkıim

з а т. Аяққа киетін киімдердің жалпы атауы. Бас пен аяқкиім үлгілері әр елдің, әр болыстың адамдарын танытады (М.Әуезов, Абай). Аяқкиім тар болса, аяқ басы қысылып, қан нашар жүреді (Е.Оразақов, Дәрігер.). Қазақтың ерлер киетін аяқкиімдері әртүрлі болады (ҚазССР тарихы).