ЖҮК

lat: JÚK

Тасымалдауға арналған барлық тауарлардың ортақ атауы немесе фрахт алу мақсатында кемемен тасымалданатын тауар және мүлік. Жүктерді жіктеу белгілері бойынша негізгі, үйілмелі немесе төгілмелі, құйылмалы, тез бұзылып кететін, қауіпті деп бөледі. Теңізде адам өмірін қорғау жөніндегі Халықаралық конвенцияға сәйкес қауіпті жүктер тоғыз топқа бөлінген және олардың тасымалдануы қауіпті жүктерді теңіз арқылы тасымалдаудың Халықаралық кодексіне негізделген ереже бойынша жүзеге асырылады.