ӘУЕСҚОЙЛЫҚ

lat: ÁÝESQOILYQ

з а т. 1. ж а ғ ы м с ы з. Қызығушылық, құмарлық, әуестік. - Олай болса, оқытушы алдымен баланың сүйегіне біткен кемдіктерімен таныс болу керек, белгілі серпілуіге қандай икемі болатындығын, бала кездегі әуесқойлығы, соқыр сезімі қандай болатындығын біліп бір серпілудің орнына екіншіні айырбастап, баланы жасанды нәрселерге беттеу керек (Ж.Аймауытов, Шығ.). Рахмет бабайдың діндөрлік ұғымына күле тұрсаң да, екеумізде аңқаулық, балалық әуесқойлықтан арылып үлгермек керек (Ә.Сәрсенбаев, Теңіз). - Е, Шырағым, сен оқу іздеп құрағытып келген бала емес, әуесқойлықпен, жеңілдікпен, бетіңмен жүргенді жақсы көріп келіпсің ғой. Ол болмайды (С.Бегалин, Сәтжан).

2. ж а ғ ы м д ы. Кәсіби мамандықпен, қызмет саласымен ыждағатты түрде айналысушылық. Есепші - ғасырлар бойы мал шарушылығымен айналысқан халықтың тұрмыс ерекшелігінен туған әуесқойлық көсіп. Уақыт пен ауа райының есебін жүргізгенде, есепшілер көкте байқалатын астрономиялық, метеорологиялық құбылыстаға сүйенген