КАФ

lat: KAF

Сауда термині. Өзінің атауын "Cost and freight" баға және фрахт ағылшын ұғымдарының алғашқы әріптерінен алады. Алайда француз тілінде рәсімделген "КАФ" мәмілесі бойынша «тауар бағасы», «сақтандыру», «фрахт» сөздерінің алғашқы әріптерінен пайда болған "КАФ" ұғымы «СИФ» мәмілесіне тең. "КАФ" мәмілесі бойынша сатушы міндетіне тасымалдау шартын жасау, яғни тауарды теңіз жолымен тасымалдауды қамтамасыз ету және оны кеменің бортына жеткізу жатады. Алайда сатушы сатып алушыға тауарды сақтандыру үшін қажет барлық деректерді уақытылы хабарлауы керек. Бұл талапты орындамаған жағдайда теңізбен тасымалдау кезінде тауар сатушының тәуекелінде болады деп есептелінеді.