орыс жазушысы Л. Н. Толстойдың романы. 1877 ж. жазылған. Мұнда үш отбасының тарихы қызғылықты суреттеліп, өмір қайшылықтары мен адамның ішкі сезімдері аса дарындылықпен баяндалған. Эпопеяда Абайдың бұл романның оқиғасын айналасындағы адамдарға баяндап бергені келтірілген. Демек ақын оқыған кітаптарының мазмұнын өзі де айтып отырған («Кек жолында»).