АҢШЫЛЫҚ-

lat: AŃSHYLYQ

әр түрлі тәсілмен жабайы аң ұстау. Бұл - адамзаттың ең көне кәсібінің бірі. Алғашқыда күн көріс ретінде пайдаланылып, тарихи дәуірлерге сай өзгеріп отырды. Ерте кезде тас, сойыл, найза, шоқпар, садақ, ор қазу, тор, тұзақ, кақпан құру қолданылса, бертін келе ит қосуды, құс салуды, мылтықпен атуды үйренді. Аңдардан тері, ет, мамық, қауырсын, мүйіз т. б. өнімдер алынып, әрқилы мақсатқа пайдаланылады. «Бұрын ондай аңшылыққа арнап шықпайтын болса да, Абай биыл осы отырған дос-жарандарын ертіп, сол салбурынға шығатын болды» («Оқапта»).