ӘН-

lat: ÁN

поэтикалық және музыкалық бейнелердің бірлігінен туған вокалдық музыканың жай түрі, халық арасына мол тараған жанр. Халық әні және кәсіби ән болып бейнеленеді. Жанрлары: революциялық, лирикалық, эпикалық әндер, еңбек әндері болып бөлінеді. Ал шығу тегі мен мақсаты жағынан қала әні, шаруалар әні, солдат әні, балалар әні т.б. сияқты дараланады. Орындалуы бойынша жеке әнші айтатын, көпшілік болып айтатын (хор, ансамбль) түрлерге жіктеледі. Кәсіби ән (камералық, эстрадалық, хор т. б.) сипаты мен түрі жағынан, жанрлық және стильдік ерекшелігімен халық әндеріне жақын келеді. Қазақ халқының ән шығармашылығында тақпақ сазды (речи- татив) және кең әуенді шалқымалы әндер ерекше байқалады. Бірінші түрі жүрдек қалыптағы терме мен желдірме, сарынолғау жырлар. Екінші түрі созылып айтылатын кең үнді, мелодиясы жағынан әуен күйі бірде шағын, бірде көтеріңкі, күрделі түрде дамыған әндер. Екеуі де халық арасына кең тараған. Жалпы қазақ әндері әуендік, интонаңиялық сымбаты, түрі (формасы) жағынан ерекше бай. Олардың кейбірі қарапайым, ширақ болса, мелодиясы жүрдек, көңілді, жарқын, қысқа әрі ұшқыр келеді. Асқақтатып, шалқыта айтатын, дипазоны кең, көркем бейнеге бай әндер де баршылық. Роман-эпопеяны оқып отырғанда, «күллі қазақ даласы ән салып тұрғандай» әсерде боласың. «Қазір үлкен ауылдың бұл жиегіндегі қолы бос жас-желең де, шүйке есіп, ұршық иірген кексе қатын, кәрі кемпір де түгелімен ауылдың екінші жағына құлақ салады. Тегіс алаңдап, солай қарай жүгіргілері келеді. Олардың бәрін еліктіріп, аса қыздырған жалғыз бір шырқаған асқақ үн; ол ә н . Ауыл үстінде шаңқай түсте, бұлтсыз көк аспанға шаншылып шырқаған өктем, әсем жалғыз үн. Шеткі үйлердің барлық жаны бұл әншіні бұрын алыстан болса да естіп, дәндегендей. Ән ауыл үстінде самғап тұр. Ауылдан әлі де ән, әсем шырқау ән самғап келеді. Кейде үзіле жаздап, әлсіз баяулап бір кетіп, кейде қайтадан үйлер жақ шетке, желі басына, бұлақ жағасына тағы шырқай жетіп, талай жанды әр алуан толқынға салады. Бірден мұң. Бірден көздің жасын, бірден ауыр арман «аһ» ұруын тудырады. Осындай ойын-сауық жиынның ортасында ең қадірлі бір топ қонақ бар. Солардың ішіндегі ең көрнектісі және бар жиынға қадірлісі, сүйіктісі мынау қос ішекті домбыраны безілдетіп отырған орта бойлы, қызғылт жүзді, кең маңдайлы, нұрлы жігіт. Ол Арқаға аты шыққан, бүкіл Орта жүзді асыл саз, әсем үнмен ұйытқан Біржан сал. Қазірде, міне, белгілі өр қиялы бар ән ірі туысты әншіні мынау ортадан бөліп, жырып, аулаққа әкетті. Шырқау алыс қияға әкетті. Тұлғасы ерен, кең кеуделі, асқақ үнді әнші сахараның ғажайып бір алыбы боп апты. Ән тіл қатады. Ескек, асқақ атойдай қып, зор кеуденің алып күйін азынатып төгеді». Бұл ән құдіреті, әннің сиқырлы күші, қуаты. Күллі қазақ даласын баурап алып, шырқау биікке шығып, жұрттың есін алып, жанына нұрлы сәуле құйып, көкірегіне қуаныш нәрін төгіп тұрған ән, қазақ әні, ұлы Біржан әні, соның ғажайып даусы, керемет үні» («Жайлауда»).

A PHP Error was encountered

Severity: Core Warning

Message: PHP Startup: Unable to load dynamic library '/usr/lib/php/20151012/phalcon.so' - /usr/lib/php/20151012/phalcon.so: undefined symbol: php_pdo_get_dbh_ce

Filename: Unknown

Line Number: 0

Backtrace: