БӘЙБІШЕ-

lat: BÁIBİSHE

еркектің алғашқы әйелі, отбасында отағасынан кейін билік жүргізетін адам. Бұдан кейінгі әйелдер Б-ге бағынуы тиіс болған. Сондай-ақ егде тартқан, ел анасы болып, ақылшыға айналған әйелдерді де Б. деп атаған. «Құнанбай өз басы бір шешеден жалғыз, бәйбішенің жалғызы. Қалың дәулет пен билік иесі. Жасқа да көп туысынан өзі үлкен. Сол себепті үлкен әкесі Ырғызбайдан тараған осы мына жиырма ауылдың мынандай топтарының ішінен бірде-бір жан әлі күнге Құнанбайдың алдынан көлденең шығып көрген емес» («Қат- қабатта»).