КЕЛІН-

lat: KELİN

жекжаттық пен жақындықты білдіретін ұғым. Баласының әйелі ата-анасына, сол ауылдың жасы үлкен адамдарына К. болады. Сондай-ақ бірге туған кісінің әйелімен бірге аталас, рулас ағайындардың жасы кіші адамының да әйелін К. деп айтады. «Өндірбайдың жас қызы бар. Соны Ұлжан өз қолына к е л і н етіп алса, лайық болады. Құнанбайдың кенжесі әлі де таусоғар, сотқар Оспан үйленгелі 2-3 жыл болды. Бірақ оның өзі ойламағанымен, әкеешенің кенжесінен немере сүйе алмай келе жатқаны мұңға айналып барады. Сөйтіп осы жолы Оспанға тағы бір қыз айттыру орайы бар» («Тайғанақта»).