НАҒАШЫ-

lat: NAǴASHY

туыстық атауы. Шешесінің төркіні  оның балаларына Н. болады. Ер жігіттің үш жұрты болады: өз елі, нағашы жұрты, қайын жұрты. Әже төркіні немерелеріне түп нағашы делінеді. Н-сы жиеннің қалауын орындап, кейде оны үйлендіріп, енші бөліп береді. «Уай, ер жігіттер, мені н а ғ а ш ы  деп ақыл сұрапсың. Нағашының бұл күнде бармағын шайнап, өлердей өкініп тұрған жайы бар. Кеудем ұмтылғанмен, ауру басып, сүлдерім құрып тұр. Нағашыңды тыңдасаң, қазір оның аурумын деп айтқанын тыңдама, істегенін істе!» деп Базаралы қатты дауыстап, Оразбайдан өш алуға шақырды («Шайқаста»).