ЫРЫМ-

lat: YRYM

ұлттық дәстүр, әдет-ғұрып. Тек жақсы ниетпен жасалады. Мысалы, бала туғанда той жасайды, қырқынан шығарарда қарын шашып алып, бесікке салады. Келінді отауға кіргізерде отқа май құйып, адыраспан тұтатады. Екі жақ құда болғанда Ы-ын істеп, ақсақалдардың батасын алады. Халық елге-елдің қосылуын да жақсы Ы-ға санайды. Атақты адам отырған жерге баланы аунатып алу да жақсы Ы. Жамандыққа санайтын Ы-дар да бар. Мәселен, үлкендердің алдын кесіп өтпеу. Күн батарда төсекке жатпау. Тыныштық кезде ауылға қарай ат қоймау. Есікті керіп тұрмау. Төбеге қос қолды қойып керілмеу. Бүйірді таянып тұрмау т.б. «Осы кезде Абай мен анасының құлағына ерекше бір жат, суық үн естілді. Біреуі: « Ойбай, бауре-ем! Ойбай, баурем» деп, ат қойып келе жатыр. Бұл елде кісі өлгенде алыстан ат қойып шабатын еркектердің салты бар. « Ойбай, бауырым Қодар»... Ойбай, Қодар » деп, санын сабап шауып келді. Ұлжан Абайдың сырқатының үстінде өзін жаңағыдай жаман шошытқан Оспан мінезіне қатты ашуланды. Оспан енді байқады. Шешесінің үлкен, толық денесі қайта қозғала бастады. Ол тұрғалы жатыр екен. Тағы бір тықырдың болатынын біліп, шешесі тұрып болғанша, Оспан төсектен ырғып түсіп: « Ойбай, бау-рем Абай!.. Абай! Абай! » деп, есікке қарай ытқып берді» («Қайтқанда»).