ҚОЛШАТЫР

lat: QOLSHATYR

зат. Адамдардың жауын-шашыннан, аптап ыстықтан қорғану үшін ұстайтын, қолға ұстауға арналған сабы бар, шагын келген жиналмалы шатыры.

Жүгіруге еркіндеп жасыл жайға Жер лайсаң Көңілсіз осындайда Қолшатырға бүрсеңдеп тығыласың, Бұлты тарап мына күн ашылмай ма? (Ф.Оңғарсынова, Өлеңд.).

Өмір сүрем сенсіз, өмір сүрем күнсіз... Тек ойымда бір сіз... Жайылмаған бүгін қолшатырым үнсіз (Н.Бердалы, Өлеңд.).