ҚОМСЫН

lat: QOMSYN

е т. 1. Азсыну, аз деп табу.

Қарайды да алтынға, Қомсынады «аз ғой» деп. Қыстау керек, үй керек, Сән-салтанат, расход көп (Абай, Тол.жин.).

2. а у ы с. Көңілі толмау, менсінбеу, олқысыну.

Орыстың тәржіме еттім мысалдарын, Әзірге қолдан келген осы барым. Қанағат азға деген, жоққа сабыр, Қомсынып қоңырайма, кұрбыларым! (А.Байтұрсынов, Шығ.).

Бірін-бірі тең көрмей қомсынған жан, Дұрыс жүрмес қомсынып қосылған жан. Махаббаты басқаға аударылып, Харам бала туады осылардың, Бір ғұрфымыз тағы бар біздің және (М.Дулатов, Шығ.).

Масқара ғой мынауың! Немді саған берейін? Шошқа терісін берем бе? Нәрсем болса бергендей Әлдеқашан сатпас пем. Серінің сөзін қомсынып, Сен, ит, сенбей тұрмысың (Ж.Аймауытов, Шығ.).