ҚОМСЫНУ

lat: QOMSYNÝ

Қомсын етістігінің қимыл атауы. 1. Азсыну, аз деп табу .

Манағы «ең берісі бір тоқтының бұлынан кем болмас» дегені есіне түсіп, онысын қомсынуға батылдығы әрең жетті.Алдабергенов, Асу).

2. Менсінбеу, көңілі толмау .

Қыз қадірін түсіріп, Емес мұным қомсыну. Әйтсе де не түсініп Отыр дейсің сол сұлу!.Мырзалиев, Көш).

Ән-күй, әсіресе, Қазанғапта көп. Бірақ біздің музыка зерттеушілеріміз оны не ән деп әнге, күй деп күйге қоспай қомсынумен келеді. Мұның өзі, шындығына үңілсек, қазір тамсана тыңдап жүрген толғау күйлеріміздің арғы атасы емес пе? («Қаз. әдеб.»).